Көшпенділер ойындары: соңғы жарыс күні қандай сайыстар өтеді

Көшпенділер ойындарының соңғы күні бәйге, теңге ілу, мангала, ордо сынды спорт түрлерінен сайыстар өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
13 қыркүйекке арналған жарыс кестесі:
Бəйге
«Қазанат» ипподромы
09:00 - 1 600 м – ұшқыр бəйге;
09:30 - 2 400 м – ұшқыр бəйге;
10:00 - 3 200 м – ұшқыр бəйге;
11:00 - 11 000 м – құнан бəйге;
11:45 - 18 000 м – топ бəйге;
12:45 - 9 000 м – жорға;
13:30 - 25 000 м – аламан бəйге;
Теңге ілу
Этноауыл
10:00-12:00 – жеті құт – квалификация, финалдық бөлім
Құсбегілік
Этноауыл
10:00-13:00 – бүркіт, қаршыға, ителгі – финалдық кезең
Ордо
«Алау» Мұз сарайы
10:00 - финалдық кезең
Мангала
«Думан» Қонақ үй жəне спорт комплексі
10:00 – квалификация, финалдық кезең.
Айта кетейік, қазір медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 86 жүлдемен (33 алтын, 25 күміс, 28 қола) көш бастап тұр.
