Көшпенділер ойындары: Бүгінгі жарыс кестесі жарияланды

9 қыркүйек көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия. Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.
Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.
«Арғымақ» ат-спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан жарыс басталады. 33 мемлекеттен 183 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады.
Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі. Олар:
Пута нысанасы 70/60 метр (9 оқтан 7 мүмкіндік);
Қалқан нысанасы 60/50 метр (7 оқтан 7 мүмкіндік);
Жамбы нысанасы 30 метр (5 оқтан 5 мүмкіндік) және командалық жарыс (30 метр).
Астана қаласында ипподром маңындағы этноауылда өтетін аударыспақтан Көшпенділер ойындарына 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.
Қазақстан намысын Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев қорғайды.
Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен жарысқа 31 мемлекеттен 98 спортшы қатысады. Аталған спорт түріне Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 8 спортшы сынға түседі.
Олар – Темірлан Шамет, Асылмұрат Бірімжан, Владислав Герасимов, Бердіқұл Алтай, Еркебұлан Ерлан, Жансая Рахметуллаева, Тахмина Гожамбердиева және Ольга Душаева. Мас-рестлинг спортынан бәсеке екі күн болады.
