Жаңалықтар

Көші-қон комитетінің төрағасы тағайындалды

Көші-қон комитетінің төрағасы тағайындалды
Фото: t.me/KZgovernment 10.07.2023 15:37 1109

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Асқарбек Ертаев Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

«Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі II санаттағы маман болып бастаған.

2000-2014 жж. банк саласында әртүрлі қызметте жұмыс істеді.

2014-2021 жж. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, директордың орынбасары, Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры.

2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппараты Экономикалық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға