Жаңалықтар

Көші-қон комитеті жұмыс күші тапшы өңірлер мәселесін қалай шешпек?

Көші-қон комитеті жұмыс күші тапшы өңірлер мәселесін қалай шешпек?
Фото: © ОКҚ 24.08.2023 14:23 1080

Жұмыс күші артық және жұмыс күші тапшы өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздіктерді теңестіру бағытында жыл басынан бері 224 отбасына үй берілді. Бұл туралы Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Ертаев бұл бастама өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздіктерді жою үшін іске асырылатынын айтты. 

Ол үшін ішкі ұтқырлықты ынталандыру шаралары қабылданады.

Жалпы, биыл «Серпін», «Ауыл аманаты», «Ауыл ел бесігі», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларын іске асыру нәтижелері бойынша 33 мыңнан астам адам мемлекеттік қолдау шараларын алады, – деп атап өтті Асқарбек Ертаев. 

Оның айтуынша, ішкі қоныс аударушылар үшін жаңа құрал – тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде қаржылық көмек алуға құқық беретін, бірақ 4 млн теңгеден аспайтын мөлшерде (жұмыс беруші растаған жұмыс орны болған жағдайда) экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Бүгінгі күні аталған сертификаттар 224 отбасына берілді.

Қазіргі кезде сертификат алған отбасылар үй салу немесе сатып алу бойынша шешімді өздері қабылдауда. Жыл соңына дейін 8652 адамды көшіру жоспары тұр. Оның 5 мың адамын қазіргі уақытта көшірдік. ал қалған адамдарға ұтқырлық сертификаттарын береміз, – дейді Асқарбек Ертаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға