Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды
Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол өңірді 9 жыл басқарған Даниал Ахметовті ауыстырды.
Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясы өтіп, жаңа әкімге дауыс беру болды. Депутаттардың басым дауысымен Ермек Көшербаев жеңіске жетті.
Айта кетейік, Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.
Әр жылдарда Қаз ССР СІМ, ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, "Нұр Отан" ХДП, "ҚазМұнайГаз" АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған, "Ертіс" ӘКК" ҰҚ басқарма төрағасы болды. Сондай-ақ Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.