Көшеде жалаңаш жүрген павлодарлық ұсталды

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
05.04.2023 19:28
2094
5 сәуір сағат 17:30 шамасында Павлодар қаласының Лермонтов көшесінде жалаңаш, киімсіз жүрген 31 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әрі қарай талқылау үшін ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ер адам өз әрекетінің себептерін түсіндіре алмады, - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік шара қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті