Көшеде кішкентай қызды ұрып-жықты: полиция оқиғаның мән-жайын анықтады
![Көшеде кішкентай қызды ұрып-жықты: полиция оқиғаның мән-жайын анықтады Көшеде кішкентай қызды ұрып-жықты: полиция оқиғаның мән-жайын анықтады](/storage/storage/element/2023/08/14/mainphoto/63798/1200xauto_CQLCOG0xsEHNiFOCloWhEtGXyCiGLBOGEUcHxNY4.jpg)
Фото: Видеодан алынған/ Qumash.kz
Фото: Видеодан алынған/ Qumash.kz
14.08.2023 20:06
1065
Әлеуметтік желіде көшеде белгісіз бойжеткеннің кішкентай қызды ұрып жатқан бейнежазбасы тарады, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ осы оқиғаның мән-жайын анықтады.
Белгілі болғандай, 14 тамыз күні таңғы уақытта 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдірген.
Бойжеткенге қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі «Ұрып-соғу» бойынша әкімшілік іс қозғалды, - делінген мәліметте.
Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Қазақ футболшысы шетелдік бес клубтың назарына ілікті
Келесі жаңалық
Домбыраның құрметіне орнатылған 10 ескерткіш