Жаңалықтар

Көшеде әйелін сүйрелеп, соққыға жыққан ер адам Арман Шораев болып шықты

Көшеде әйелін сүйрелеп, соққыға жыққан ер адам Арман Шораев болып шықты
Фото: коллаж El.kz 17.06.2024 17:16 6899

Әлеуметтік желіде түн ортасында әйелді шашынан сүйреп, жұдырықпен ұрып, жерге лақтырып жатқан ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, бейнежазбаға белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев пен оның азаматтық некедегі әйелі түсіп қалған.

Астана қаласы Полиция департаменті іске қатысты пікір білдірді.

Бірге тұратын әйеліне қол көтеріп, дене жарақатын салу фактісі бойынша А.Ш. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.

 Қажетті экспертизалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға