Жаңалықтар

Кортеж ұйымдастырған жүгенсіз жүргізушілер жауапқа тартылды

Кортеж ұйымдастырған жүгенсіз жүргізушілер жауапқа тартылды
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті 03.11.2024 08:45 590

Түркістан облысының полицейлері  әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг кезінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Қабылданған жедел шаралардың арқасында оны жасаған жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда, патрульдік полиция тобының назарына "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында кортеж ұйымдастырған бірнеше көлік іліккен. Тәртіп сақшылары бейнежазбада жол ережесін бұзып, басқа көліктердің жүруіне кедергі келтірген көліктер іздестірген. Нәтижесінде екі "Mersedes-Bens" көлігінің жүргізушілері анықталған. Бұл екі жүргізуші Сайрам ауданының тұрғындары болып шыққан.

Жол қозғалысы ережесін бұзған көлік тізгіндеушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жас жігіттерге «Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» бойынша хаттама толтырылды. Бұдан бөлек бейнежазбадағы басқа да көлік жүргізушілерін тез арада тауып, жауапқа тарту жұмыстары жүргізілуде,-деп атап өтті полициядан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға