Жаңалықтар

Коронавирустан емделіп жатқан 7 науқастың жағдайы өте ауыр

5 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр
Коронавирустан емделіп жатқан 7 науқастың жағдайы өте ауыр
Фото: pixabay.com 30.08.2022 17:05 1124

30 тамыздағы мәлімет бойынша, 18 004 адам коронавирус инфекциясынан (–17 657+ және 347 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды El.kz.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде 573 пациент стационарда, 17 431 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

17 адамның жағдайы ауыр,

7 пациенттің жағдайы өте ауыр,

5 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға