Коронавирусқа шалдыққан 5 адамның жағдайы ауыр

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
22.03.2023 13:18
1168
Денсаулық сақтау министрілігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
22 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 772 адам коронавирус инфекциясынан (–1 602+ және 170 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 632 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 5 адамның жағдайы ауыр;
• 1 науқастың жағдайы өте ауыр;
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:
