Коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина жасалып жатыр
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ
25.08.2023 13:15
705
Коронавирустың «Эрис» штаммына қарсы жаңа вакцина қыркүйекте жасалып бітеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
BioNTech және «Модерна» концерндері екпені нарыққа шығаруға дайын. Бірақ бұл үшін барлық тиісті рұқсат қағаздарын алу қажет. Вакциналар бір реттік дозамен беріледі.
Германиядағы дәрігерлер екпені жасы 60-тан асқан қариялар мен олардың туыстарына қабылдауға кеңес береді.
Әлемнің 51 елінде «Эрис» штаммын жұқтырғандар саны 17 пайызға жеткен. Бір ай бұрын ғана бұл көрсеткіш 7-ақ пайыз еді. Мамандар аталған мутацияны жұқпалы, бірақ аса қауіпті емес деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
Келесі жаңалық
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды