Коронавирус белгілері өзгерген жоқ - Сархат Бейсенова
Қазақстанда өткен тәулікте 454 адамнан коронавирус анықталды
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
11.07.2022 20:22
1571
Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова коронавирус белгілерінің өзгермегенін айтты, деп хабарлайды El.kz
«Коронавирус ағымы өзгеріске ұшыраған жоқ. Науқастардарда жіті респираторлық вирустық инфекциялардағыдай белгілер бар. Ауруға шалдыққандардың шамамен 70 пайызы - екпе алғанына ұзақ уақыт болған адамдар. Бірақ бұл адамдар белгілі бір себептермен қайта вакцина алмаған. Әрине, бұл иммундық қорғаныстың төмендеуіне әсер етіп отыр», деді Сархат Бейсенова.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елена Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды