Өткен тәулікте 235 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, 14 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 943 адам коронавирус инфекциясынан (–1 801+ және 142 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 10 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды