Қазақстанда 28 531 адам коронавирустан емделіп жатыр
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімет берді
Фото: news.un.org
Фото: news.un.org
05.08.2022 09:13
1750
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды,– деп хабарлайды El.kz.
5 тамыздағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 28 531 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың арасында 28 247 (КВИ+) науқаста коронавирус инфекциясы, 284 (КВИ-) науқаста коронавирус белгілері бар пневмония анықталған.
Барлық пациенттердің 1 466-сы стационарда, 27 065-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 37 адамның жағдайы ауыр;
- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін бірнеше өңірде қатты ыстық болады
Келесі жаңалық
Руслан Берденов әкім орынбасары қызметіне тағайындалды