Коронавирус пандемиясына қатысты барлық қаулының ресми күші жойылады

Қазақстанда коронавирус пандемиясына қатысты бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларының күші жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталғанын айтқан еді
Осылайша, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды. Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Сонымен қатар министрлік COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын ескертті.
Вирустың таралуы жалғасуда, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады, - деді ведомство.
