Kоронавирус індеті бастау алған жер анықталды
АҚШ, Ұлыбритания, Франция елдерінің ғалымдары коронавирустың таралу көзі Қытайдың Ухань қаласының базарындағы теңіз өнімдері екенін дәлелдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы америкалық Cell ғылыми журналында жарияланған мақалада айтылады.
2019 жылдың күзінде Ухань қаласының Хуанань базарында бірнеше сатушы тірі жануарларды заңсыз сатқаны анықталған. Мұнда тұрақты түрде тірі жануарлар сатылған. Жанат, бамбук егеуқұйрықтары, кірпілер, амур кірпілері мен азиялық борсықтар базардың батыс жағында орналасқан. Ал базардың сол жақ бөлігінде COVID-19 инфекциясының ең алғашқы және ең көп саны тіркелген.
Ғалымдар вирустың таралуының екі гипотетикалық нұсқасын сипаттайды: ол жануарлардан (нақты қандай түр екенін анықтау мүмкін болмады) адамдарға жұққан немесе керісінше, адамдар оны базарға әкелген. Сонымен қатар жарқанаттардың генетикалық материалы табылмады.
Қытай коронавирустың зертханада пайда болуы мүмкіндігін жоққа шығарып, елдің беделін түсіруді және мәселені саясиландыруды тоқтатуды талап етті.