Жаңалықтар

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 03.04.2024 09:03 3603

Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өмірбек Байгелді – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы Төрағасы болды (1996-1999 ж.ж.).

Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған.

1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарды.

Қайраткердің қазасына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз, - делінген Сенаттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қоштасу рәсімі туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға