Жаңалықтар

Көркем гимнастикадан жасөспірімдер командасы Азия біріншілігінде топ жарды

Көркем гимнастикадан жасөспірімдер командасы Азия біріншілігінде топ жарды
Фото: ҚР ҰОК 04.05.2024 13:22 763

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы үш медаль қоржынға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға қол жеткізді. 

Еске сала кетейік, кешегі жарыс күнінде Эльжана Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен болатын. 

Бүгін жекелеген жаттығулар бойынша финалдық бәсекелер өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға