Жаңалықтар

Кореялық компаниялар Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Кореялық компаниялар Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 25.05.2024 17:16 1493

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаеваның Корея Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапар барысында Назира Нұрбаева Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Чжонг Бёнг Вонмен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқылап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат «Samsung Electronics», «Samsung C&T», «Samsung Medison», «Doosan Enerbility», «ECOVICE», «SK Ecoplant», «KIGAM», «GL Rapha», «LS Networks» және «Ionia EnC» сияқты ірі корей компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында кореялық инвесторлар Қазақстанның инвестициялық ахуалымен және инвестиция тартудың жаңа құралдарымен танысты.

Тараптар медицина, фармацевтика, қалдықтарды өңдеу, логистика және геология салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарларын да талқылады.

Корейлік іскери топ өкілдері бірлескен перспективалық жобаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытып, қазақстандық серіктестермен табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға