Жаңалықтар

Кореяда жүргізушіге шабуыл жасаған қазақстандық әйел дәрі-дәрмектің әсерінен осындай жағдайға барған

Кореяда жүргізушіге шабуыл жасаған қазақстандық әйел дәрі-дәрмектің әсерінен осындай жағдайға барған
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 14.08.2023 17:33 1739

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы автобус жүргізушісін суық қарумен жарақаттаған болатын. Осыған қатысты бүгін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз брифингте мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еске сала кетсек, полиция Кёнбу жедел жолының қақ ортасында автобусты бөгеген және қоғамдық көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, оны жарақаттаған 50 жастағы қазақстандық әйелді ұстады.

Әйел адам 10 тамызда Сеулдегі Ганнам-гу қаласындағы Синсаёк метро станциясының маңында қозғалып келе жатқан автобустың алдынан шығып, ол тоқтағаннан кейін көліктің терезе жуғыш жабдығын сындырмақ болған. Жүргізуші автобустан түскен кезде оған өткір затпен, болжам бойынша, пышақпен тап беріп, кейін қашып кеткен. Бірақ ол 11 минуттан кейін полиция қолына түскен еді.

Біздің білуімізше, полицияның алдын ала ақпаратына сәйкес, ол жағдай дәрі-дәрмектің әсерінен болған. Қазақстан азаматы көп жыл бойы Кореяда тұрады. Этникалық визасын алған. Күйеуімен сол жақта кәсіппен айналысады, – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ресми өкіл әйелдің психикалық ауруы болуы мүмкін екенін айтты және сараптамадан соң нақтыланбақ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға