Жаңалықтар

Корея Қазақстанмен екіжақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге дайын – Пак Чжин

Корея Қазақстанмен екіжақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге дайын – Пак Чжин
Фото: Ақорда 01.06.2023 15:27 600

Оңтүстік Корея дипломаты Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел президенті Юн Сок Ёльдің сәлемін жеткізді және Қазақстанмен екіжақты және аймақтық негіздегі серіктестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сіздің көреген басшылығыңызбен Қазақстан осы орнықты экономикалық өсімді жалғастырады деп сенемін. Сонымен қатар біз Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды және заң нормалары мен демократиялық құндылықтарды нығайту жөніндегі сіздің жеке күш-жігеріңізді қолдаймыз. 1992 жылы дипломатиялық қатынас орнағаннан бері екіжақты серіктестігіміз дәйекті дамып келеді. Әсіресе 2009 жылы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойылғаннан кейін қарқынды дами түсті. Осыған байланысты қарым-қатынасымызды нығайту үшін одан әрі ілгерілеуді жалғастырамыз. Біз дәстүрлі салада ғана емес, цифрлық технологиялар, денсаулық сақтау, энергетика және қоршаған ортаны қорғау секілді жаңа салаларда да тығыз серіктестікті дамытып жатырмыз. Екі ел арасындағы белсенді дипломатия – екіжақты қатынастарды дамытудың қозғаушы күші, – деді Пак Чжин.

Кездесу барысында жаһандық және аймақтық күн тәртібіне, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара қарым-қатынасқа қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға