Көпқабатты үйде өрт шығып, 72 адам құтқарылды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
20.02.2025 03:12
598
Ақтөбедегі Есет батыр шағынауданында 9 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, 7-ші қабаттағы пәтер жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер автосаты арқылы және баспалдақ маршымен жоғарғы қабаттардан 7 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарған. Сонымен қатар 65 адамды, оның ішінде 13 баланы эвакуациялады.
Қызыл жалын аумағы - 20 шаршы метр. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды