Жаңалықтар

Көпенді көптен ерекшелейтін қасиеттері қандай?

«Көпен келе жатыр...». Тұлғаның өнегесін дәріптейтін тіркестен Көпен Әмірбектің қасиетін тануға әбден болады...
Көпенді көптен ерекшелейтін қасиеттері қандай?
Фото: anatili.kazgazeta.kz 20.10.2022 18:26 3084

Ұлт руханиятында ерекше орны бар тұлғаның бірі Көпен Әмірбек. Оның жеке өмірі жұрттың назарын аударып, қоғамдық-саяси көзқарастары қоғамдық пікірдің арқауы болып жүреді.  

– Қазір мен таумын дейтіндер көбейді. Ақпарат, мәдениет саласында жүріп, өздерін өзі ұлы саналайтын өздерін нөмірлейтін болды.  Бұл нөмір өмір емес.  Бірінші сыншы  – құдай, екінші сыншы – халық. Соны естен шығармауымыз керек, – дейді жазушы, сатирик Көпен Әмірбек ағамыз.

 Кіндік қаны ауылда кесіліп, қазақы таным-түсінікті бойына сіңіріп өскен Көпен аға өзін «таумын» деп көрген емес. Оны көптен ерекшелейтін қасиеті кішіпейілділігінде, қарапайымдылығында.

– Біздің бабалар баланы үш-ақ сөзбен тәрбиеледі. Обал болады, сауап болады, ұят болады деп. Осы үш сөзден тұратын дала қағидасы қазақ деген ұлттың ұлағатын танытты. Ал қазір обалдан айныдық, сауапқа сенбейміз, ұятты ұмыттық. Осы қазақтың қасиетінен неге айырылып қалдық? Ең өкінішті осы – дейді ол.

Ұлттың ұлы қасиетін бойына сіңіріп, тұлғалық болмысын, азаматтың бітімін сол қасиеттермен даралау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл туралы ақын-сатирик Мыңбай Рәш былай дейді: «Тектілік ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасатын құнды қасиет. Көпен Әмірбекке де тектілік бабаларынан дарыған. Аталарының бірі өз заманында құм көшірген тентек желдей текті болса, енді бірі білегінде күші бар баһадүр батыр болды»

Өтпелі кезеңдерде адамды биікке жетелейтін оқиғалар болады. Көпен Әміпбек ағамыз да сондай тағылымды оқиғаны айтып берді:

«ХХ ғасырдың 50 жылдардың соңында Шәуілдірге көшіп келді. Ұзақ жыл шопан болған әкем көрші тұратын ұста жігіттің қасынан жиі табылатын. Мен де барып қызықтаймын. Бүр күні әкем: балам бас бармағыңды көстетші демесі бар ма. Мен көрсеттім, қайқайып  тқрған бармақты көрген әкем, сен нағыз ұста болатын шығарсың деді. Баламын ғой, сол күннен бастап ұста болуды армандадым. Өсе келе суретші болсам ба деген ой болды. Алайда менің жолы басқа екен. Бірақ сол жол мені жетістікке жетеледі».

Көпен ағаға сурет салу өнері қонбаса да, әсілі, салмағы мен жауапкершілігі одан кем түспейтін сөз өнері қонды және ол сөздің қасиетін танып қана қоймай,  еңбекқорлық пен ізденісті ұштастырып, өміршең өлеңдерін дүниеге әкелді.

 Ақын-жазушылардың қара шаңырағына ие болып отырған Ұлықбек Есдәулетов:

– Мен ҚазМУ-дың журналистика факултетіне оқуға түскенімде Көпен жоғарғы курс студенті-тұғын. Жастар арасында үлкен поэзия кеші болып, бәріміз өлеңдерімізді оқып жатырмыз. Өз кезенігде Көпен шығып, өзінің әзілге толы темекі тартатын қыздаға арнап «Паробоз, қаракөз» деген өліңін оқыды. Сол сәт әлі көз алдымды. Көпен сатираның сан түрлі соқпағынан да, тоқпағынан да өтті. Оның сатирасында уыт бар. Сондықтан болар, ол талай кедергілерді де көрді, – деп замандасы туралы бағасын берді.

Көпен Әмірбектің ауыл топырағынан сіңірген асыл қасиетінің бірі – сабырлығында. Қарапайым қалпынан танбаған оның қай істе болмасын айналасын бекзаттық болмысымен баурап алады. Өз ортасын бір ауыз сөзіне қарататын қасиеті тағы бар.  Ымынан ел иілетін,  қабағынан сыр түйдіретін ол сондықтан да сыйлы.

Ақын, жазушы Баянғали Әлімжанов:

– Ол үлкен әдеби ортада жүрді. Сол ортаның тәрбиесін көрді. Соның арқасында Көпен қазақ сатиралық әдебиетін жаңа белеске көтерді. Көпен қазақ сатира мәдениетін қалыптастыруда үлкен еңбек сіңірген азамат. Сатира оңай жанр емес. Аузым бар екен деп қалай болса солай  сөйлей беруді қаламайтын жанр. Ойланбай сөйлейтіндерді орға жығатын жанр. Міне, осы жолда ол сүрінген жоқ, – деді.

Көпен Әмірбектің  әңгіме айтса әріден бастап, ойын орамдап әкелетіндігі көп оқығандығында. Сондықтан да ол сөзге ұста. Рухани құндылықтың өрісін тереңнен іздеуге асық.  «Ардың ісі – адалдық» - деп танитын Көпеннің көпке жағатын тағы бір қасиеті – адалдығында.  Өзгенің соңына өсек ергізіп, жақсының көңіліне қаяу түсіретіндерге жаны қас. Ал, еңбегімен еленген ер мүсінді адам көрсе алдынан өтпейтін. Осы бір өз болмысына тән қасиеті өзгенің еңбегін бағалауға жетелеп келеді.

– Өзін білген адамға қадыр-қасиетін өтінбей өткізе алатын жандарды мен тұлғаға балаймын. Өйткені олар ел алдында елеулі бола алады. Халық үшін қабырғасы қайысып,  ұлағатты ұлан міндетін ұлты үшін ұғына білгендер-тұлға.  Өмірдің асу ағынымен бағытсыз ығып кеткендер тұлға бола алмайды. Ондай адамдар арнасыз. Мен өзім тұлға деп танитын адамдарым бар. Солардың танымына, өмір өнегесіне көп үңілемін, – дейді Көпен Әмірбек.

Сатирада қазақ әдебиетінің бір саласы. Және ежелгі салсының бірі. Халық ауыз әдебиетінің қазынасы ретінде талай ұрпақтың ақыл-ой, рухани өрісіне кәде болды. Алайда, бүгінгі сатирада құн бар ма деген сауалға Көпен аға бір сұхбатында былай деп жауап беріпті: «Сатира деген қызыл сөзден қуырдақ қуыратын өнер емес. Бұл да тәрбие құралы. Кейінгі уақытты біз соның құнын жойып алдық. Сатираны қисық шегені түзу қағатын балға деп қабылдауымыз керек. Бұл көпті күлдіре отырып көкейіне құндылық ұялататын өнер. Сондықтан да, сатира саласының мамандары да шебердің шебері болуы шарт».

Әрбір адамның өмір сапары әртүрлі. Тіршілік керуенінде қалдырар ізі де өзгеше. Сыйластыққа берік, ортасына құрметті ай таңбала адамдар болады. Өмір соқпағы өнегелі Көпен Әмірбек те атаққа зәру емес, өзі қатты қызықпайды да. Бірақ, соның бәрінен халықтың өзіне деген ыстық қыласын жоғары қояды. Неге? Өйткені, оның кісілік келбетінде өзара үндесіп кеткен азаматтық ар-ождан, пайым-парасат жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға