Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері аталды

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері аталды
Фото: pixabay.com 17.07.2024 16:55 10314

Биыл көпбалалы отбасылар 236 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың басынан бастап, көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 594,8 мың отбасы жалпы сомасы 236,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде маусым айында 594,8 мың отбасыға 40 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері аталды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға