Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің аясы кеңейеді

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің аясы кеңейеді
Фото: azh.kz 27.12.2022 11:52 2059
Көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек берудің аясын кеңейту шаралары қарастырылуда. Бұл туралы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.
 
Осы бағыттағы тағы бір маңызды өзгеріс атаулы әлеуметтік көмек беру үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейі арқылы емес, медиандық табыс деңгейі арқылы анықталатын болады.
 
«Егер күн көріс деңгейі адамның физиологиялық қалпына келуін қамтамасыз ететін болса, медиандық табыс халықтың нақты тұтынушылық шығындарын жабатын орташа күн көріс табысы болады. 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек медиандық немесе халықтың орташа табысынан төмен табысы бар азаматтарға беріледі. Әрине, оның сомасы қомақты және атаулы шаралармен бірге беріліп, отбасыларына қиын өмірлік жағдайдан шығу мүмкіндігін қамтамасыз ететін болады», - деді министр.
 
Сонымен қатар, Әлеуметтік кодексте балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары бойынша бала күтімі жағдайындағы төлемдердің мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзарту. Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа дейінгі балаларға арналған бастапқы капитал ретінде енгізу,  6-дан көп баланы дүниеге алып келген аналарға наградталған ана деген жаңа мәртебе қаралып, жәрдемақы мөлшерін ұлғайту жоспарланып отырғанын айта кетті.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға