Жаңалықтар

Көпбалалы аналар біржолғы төлем алады

Көпбалалы аналар біржолғы төлем алады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 01.03.2024 16:48 74294

Қарағанды облысында мереке қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін 21 861 әйел біржолғы төлем алады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды, Теміртау, Приозерск, Осакаров және Шет аудандарында мерекеге орай төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға және «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға ақша аударылмақ.

Балқашта көп балалы аналар, Құрметті азаматтар, тыл еңбеккерлері, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар, еңбек ардагерлері, белсенді емес тыл еңбеккерлері, мүгедек балалар, белсенді емес жалғыз тұратын әйелдер, қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің әйелдеріне төлем аударады. Саранда төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасыларға беріледі. Абай ауданында ХӘОТ, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, түрлі саладағы қызметкерлерге бөлінеді.

Ақтоғай ауданында төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, аз қамтылғандарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге (әйелдерге) беріледі. Бұқар жырау ауданында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан әйелдер, мүгедектер, зейнеткерлер және ХӘОТ қаржылай қолдау көрсетіледі. Қарқаралы ауданында 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, аз қамтылған, мүгедектерге беріледі. Нұра ауданында аз қамтылған, көп балалы аналар, жастар біржооғы қолдау алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға