Жаңалықтар

Көпбалалы ана мемлекеттік грант көмегімен тігін шеберханасын дөңгелетіп отыр

Көпбалалы ана мемлекеттік грант көмегімен тігін шеберханасын дөңгелетіп отыр
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі 25.01.2025 22:06 444

Түркістан облысы Ордабасы ауданында көпбалалы ана мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмарал Сәрсенбаева қайтарымсыз грант жеңіп алып, үйінен тігін шеберханасын ашқан. Кәсіпкер мемлекеттен берілген қаржыға  тігін машинасы мен қажетті жабдықтарын сатып алған. Алтын құрсақты келіншек алдағы уақытта қолөнер шеберханасын ары қарай дамытуды көздеп отыр. 

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, жалпы ауданда «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында былтыр жаңа бизнес-жобаларды іске асыру үшін 114 адам қайтарымсыз грант аған. Оның 81-і көпбалалы ана, 16–сы мүгедектігі бар, 10-ы мүгедектігі бар бала тәрбиелеуші. Ал асыраушысынан айырылғандар – 5, АӘК алушылар санатынан – 2 азамат. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға