Жаңалықтар

Көп этносты ансамбль ҚХА 30 жылдығына арналған концертте өнер көрсетті

Көп этносты ансамбль ҚХА 30 жылдығына арналған  концертте өнер көрсетті
Фото: Видеодан кадр 25.04.2025 04:22 168

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында «BIRLIK» ән-би ансамблінің Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, көрерменге түрлі этностардың ұлттық биі мен әндері ұсынылды. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан қазақстандық этностардың бірлігін бейнелейтін «Сені сүйемін, Қазақстан» атты вокалдық-хореографиялық қойылым мерекелік кештің көркін келтірді.

Айта кетейік, көп этносты «BIRLIK» ансамблі 2024 жылы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан құрылды. Ансамбльдің басты мақсаты — әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дамыту, дәстүрлі музыка мен би өнерін кеңінен насихаттау. Әр этнос өкілдерінен құралған шығармашылық ұжымның қойылымдары өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға