«Көп дәрі ішкен»: Тараздық әйел өз-өзіне қол салмақ болды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
16.03.2024 17:46
966
Таразда әйел азаматы өз-өзіне қол салмақ болды. Оқиға бүгін Ұлы дала шағын ауданындағы көпқабатты үй пәтерінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушыларға жергілікті тұрғынның суицидке оқталмақ болғаны туралы хабарлама сағат 16:17-де келіп түскен. Қоңырау шалушы адамның айтуынша, әйел шамадан тыс мөлшерде дәрі-дәрмек ішкен.
Шақырту бойынша мекенжайға жедел-құтқару жасағаның құтқарушылары шұғыл жетті. Олар альпинистік құралдардың көмегімен 5-қабаттың балконынан 4-қабатқа түсіп, терезе арқылы үйге кірген.
Пәтер ішінен ес-түссіз жатқан әйел табылған. Құтқарушылар оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Оқи отырыңыз:
- Ақтауда суицид жасамақ болған адам іздестіріліп жатыр
- Қазақстанда 700 мыңнан астам адам депрессияда жүр
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан 2 адам көз жұмды
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы