Концерт кезінде танымал әншінің жүрегі ұстап, қайтыс болды

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com
31.03.2025 09:39
41152
Түркияның танымал әншісі әрі композиторы Волкан Конак 58 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәліметке сәйкес, өнер иесі Солтүстік Кипрде өткен концерт кезінде өзін жайсыз сезінген. Осыдан кейін әншіде жүрек талмасы болған. Дәрігерлер қолдан келген көмекті көрсеткенімен, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.
Волкан Конак Түркияда өзінің қайталанбас орындау мәнерімен және музыкалық өнерге қосқан зор үлесімен танымал еді. Оның "Cerrahpaşa", "Mimoza çiçeğim" және "Yarim yarim" атты туындылары түрік музыка мәдениетінде айрықша орын алады.
Бөлісу:
