Жаңалықтар

«Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық конференция өтеді

«Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық конференция өтеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.12.2023 10:16 894

7-8 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Іс-шараға шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының, сайлауды байқауға қатысатын халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сондай-ақ конференцияға республиканың бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, ғалымдар, ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің мүшелері, Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының, аумақтық сайлау комиссияларының, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, масс-медианың өкілдері қатысады.

Екі сессияның жұмысы жоспарланған: «Конституциялық реформа мәнмәтіндегі сайлау заңнамасының эволюциясы» және «Сайлау жүйелерін дамытудың өзекті трендтері».

Іс-шара аясында «ҚР Орталық сайлау комиссиясына 30 жыл» көрмесі ұйымдастырылып, сайлау процесі мәселелері бойынша жаңа басылымдардың тұсаукесері өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға