Жаңалықтар

Конституциялық нормаларға сәйкес келмейтін 7 заң алынып тасталды

Конституциялық нормаларға сәйкес келмейтін 7 заң алынып тасталды
Фото: GOV.KZ 21.06.2024 11:02 545

ҚР Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Әзімова Конституциялық нормалардың сақталмауына байланысты жеті заңның және Жоғарғы соттың бір нормативтік қаулысының ережелері Конституцияға сәйкес келмейді деп танылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар:

Салық кодексінің 610-бабы 2-тармағы - талап қою арыздарын бергені үшін мемлекеттік баждың белгіленген мөлшері бөлігінде және әкімшілік талап қою кезінде сот арқылы қорғауына конституциялық құқыққа нұқсан келтіруге және шектеуге әкеп соғатын ереже (жойылды);

Мемлекеттік қызмет туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 6) және 14-тармақшаларының, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңның 38-бабы 2-тармағының 11) тармақшасының, құқық қорғау қызметі туралы заңның 6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасының ережелері - мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің сәйкессіздігіне байланысты мемлекеттік қызметке кіруге мерзімсіз тыйым салуды белгілеу;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның 13-бабы - Конституцияда белгіленген мақсаттарға нақты айқындалған құқықтық байланыстың болмауынан кәсіпкерлік қызмет бостандығына конституциялық құқықты шектеуді белгілеу;

Қылмыстық-атқару кодексінің 141-бабының үшінші, бесінші бөліктері және алтыншы бөлігінің 1) тармақшасы - күшіне енген сот үкімі негізінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталғандардың туыстарымен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кездесулерінің әртүрлі санын белгілеу (жойылды);

Жоғарғы соттың №2 нормативтік қаулысының ережесі - сотқа бала асырап алу туралы арыз берген кезде сотқа жүгінуге конституциялық құқықты шектейтін және баланың мүдделерін барынша қамтамасыз ету мемлекетінің міндеттемесіне сәйкес келмейтін молекулярлық-генетикалық сараптаманың қорытындысын ұсыну туралы императивті талапты белгілеу (жойылды);

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 482-бабының бірінші бөлігі - қорғаушының кассациялық іс жүргізуде және үкімді орындау сатысында сотталғанның құқықтары мен мүдделерін білдіру өкілеттігін шектеу.

Қазіргі уақытта анықталған құқықтық қайшылықтар екі заңда және Жоғарғы соттың нормативтік қаулысында жойылды. Мемлекеттік қызметке және оның ерекше түрлеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сондай-ақ қорғаушының кассациялық іс-жүргізудегі өкілеттігіне қатысты мәселелер бойынша тиісті заң жобалары Парламентте қаралуда, - деді Эльвира Әзімова.

Сонымен қатар Эльвира Әзімова қолданыстағы заңдардың Конституциялық сот түсіндірме берген нормаларына заң шығарушы барынша тиімді нормативтік құқықтық реттеуді әзірлеу бөлігінде назар аударуы қажет екенін алға тартты.

Мәселен, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Үкіметке зақымдалған аумақтардағы қазіргі радиоэкологиялық ахуалды, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық, демографиялық, медициналық және өзге де факторларды ескере отырып, жаңа қағидаттар мен тәсілдерді зерделеу қажет. Саралануы әртүрлі іс-әрекеттер үшін бірыңғай қылмыстық санкцияларды көздейтін Қылмыстық кодекстің нормалары заң шығарушының назарын талап етеді. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы нормаларда акцизделетін тауарлар айналымы кезінде азаматқа келтірілген ірі залал мен елеулі мөлшердің анықтамаларын өзара үйлестіру қажет. Сот төрелігін іске асырудың конституциялық қағидаттары тұрғысынан судьялардың тәртіптік жауаптылық негіздерін одан әрі нақтылау орынды деп танылды. «Заңды өрескел бұзу» деген ұғымның мазмұны заң деңгейінде белгіленуге тиіс, - деді ол.

Эльвира Әзімованың сөзінше, заң деңгейіндегі ықтимал шектеулер азаматтың ақпарат алу құқығының болуы мен мақсатына, әсіресе ақпарат пен оның көздері азаматтардың құқықтарымен және бостандықтарымен, оларға әртүрлі құқықтық мәжбүрлеу шараларын қолданумен немесе қоғамдық маңызы жоғары мәселелермен байланысты болған жағдайларда қауіпсіз болуы тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға