Жаңалықтар

Конституциялық Кеңестің қолданыстағы функциялары Конституциялық Сотқа беріледі

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді
Конституциялық Кеңестің қолданыстағы функциялары Конституциялық Сотқа беріледі
Фото: egemen.kz 07.09.2022 10:58 2184

Мәжілістің жалпы отырысында Әділет министрі Қанат Мусин Конституциялық Соттың құзыретіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz.
Атап айтқанда, палата отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.
«Конституциялық Соттың құзыреті Конституцияның 72-бабымен тікелей реттеледі. Мәселен, Конституциялық соттың құзыретіне сайлауды өткізудің дұрыстығы мәселелерін, Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сондай-ақ Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру жатқызылған», - деді Қ.Мусин.
Осы орайда ол Конституциялық Кеңестің барлық қолданыстағы функциялары Конституциялық Сотқа берілгенін айтты.
«Бірақ, ең маңыздысы, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Конституциялық Сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей тиетін нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарайтын болады. Сондай-ақ, Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілді», - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға