Жаңалықтар

Конспирологияның рас-өтірігін математикалық формула арқылы есептеуге болады

Оксфорд университетінің физигі Дэвид Роберт Граймс конспирологияның рас-өтірігін анықтайтын расматематикалық теңдеу жасап шықты
02.02.2016 04:43 4196

Конспирологияның рас-өтірігін математикалық формула арқылы есептеуге болады

Адамзаттың Айға қонғаны өтірік, жатпланеталықтардың бар екенін екенін дәледейтін айғақтар жасырылып келеді деген секілді конспирологиялық теориялар кеңінен тарағаны белгілі. Осы тектес теорияларды ғылыми түрде жарамсыз ету үшін Оксфорд университетінің физигі Дэвид Роберт Граймс математикалық теңдеу жасап шықты.

Граймс өзінің формуласын әзірлеуде танымалдығы жоғары төрт конспирологияға назар аударды:

Айға қону операциясы жалған

Вакциналау қауіпті

Климаттық өзгеріс – ғалымдардың ойдан шығарғаны

Қатерлі ісіктің емін фармацевтикалық компаниялар жасыруда

Конспирологияның рас-өтірігін математикалық формула арқылы есептеуге болады

Граймстың формуласы келесі көрсеткіштерден тұрады: оқиғаға немесе қастандыққа тікелей қатысы бар адамдардың саны; оқиға орын алғаннан бері өткен уақыт; «қастандықтың сәтсіздікке ұшырауының ішкі себептері» («intrinsic probability of a conspiracy failing»).

PLOS ONE журналында жарияланған зерттеуге сәйкес конспирология құпия күйде ұзақ уақыт сақтала алмайды. Граймстың бағалауы бойынша, Айға қону операциясын ұйымдастыруға 411 мың адам қатысқанын ескере отырып (зерттеуші бұл жерде NASA ұйымының 1965 жылдағы барлық қызметкерлерінің санын алып отыр), жалған оқиға үш жыл сегіз ай ішінде әшкереленетін еді.

Конспирологияның рас-өтірігін математикалық формула арқылы есептеуге болады

Сондай-ақ, Граймс өзге конспирологиялық теориялардың да әшкерелену уақытын (егер шынымен жалған оқиға болса) есептеп шығарды. Мәселен, вакцинациялаудың қауіптілігі – үш жыл екі айда, климаттың өзгеруі – үш жыл тоғыз айда және қатерлік ісік емі – үш жыл үш айда әшкереленетін еді.

Ғалымның айтуынша, конспирологияға бірнеше адам қатысты болса, солардың бірі шынайы ақпаратты айтып қоюшы еді. Неғұрлым көп адам болса, соғұрлым конспирология тез әшкереленеді.

 Конспирология

Қатысқан адам саны

 Әшкерелену уақыты

 Айға қонудың жалғандығы

 411 000
3 жыл 8 ай

 Климаттық өзгерістің жалғандығы

405 000
3 жыл 9 ай

 Вакциналау қауіптілігі 

22 000
3 жыл 2 ай

 Қатерлі ісік емінің жасырылуы

714 000
3 жыл 3 ай

Сондай-ақ, Дэвид Роберт Граймс қастандықтың белгілі бір уақыт бойы құпия күйінде сақталу үшін оған қанша адам қатысу қажеттігін де бағалады. Оған сәйкес, құпияны бес жыл бойы сақтау үшін қатысушы адам саны 2521-ден аспауы қажет екен.

Конспирологияның рас-өтірігін математикалық формула арқылы есептеуге болады

Сонымен қатар, физик өзінің формуласын конспирологияға ұқсас, бірақ рас болып шыққан теорияларға да қолданды. Мәселен, расталған конспирологиялық теорияларға: АҚШ үкіметі өз тұрғындарына бақылау жүргізетіні (Эдвард Сноуденнің арқасында әшкереленді) және афроамерикалықтарды сифилистен әдейі емдемеуі (Таскигидегі сифилис зерттеуі) жатады.


Дәурен Омаров 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға