Конор Макгрегор алғаш рет киноға түсті

Фото: instagram.com/thenotoriousmma
Фото: instagram.com/thenotoriousmma
29.01.2024 11:51
1210
Жеңіл және жартылай жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Голливуд актері Джейк Джилленхолмен бірге киноға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ирдандиялық аралас жекпе-жек шеберінің дебюті.
«Жол бойындағы үй» – 1989 жылы түсірілген осы аттас фильмнің ремейкі.
Туындының тұсаукесер рәсімі 2024 жылғы 21 наурызға жоспарланған.
35 жастағы спортшы бұл киноны төбелес жанрындағы ең айтулы туындылардың бірі болады деп санайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Димаш Құдайберген жас скрипкашыны Қазақстанға шақырды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді