Конькимен жүгіру: Қазақстанның әйелдер құрамасы Әлем кубогында үшінші орын алды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
24.02.2025 02:18
707
Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогының жалпы есебінде үшінші орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде біздің спортшылар командалық спринтте бесінші болып мәреге жетті.
Аталмыш дисциплинада өткен үш кезеңнің қорытындысы бойынша Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина жалпы есепте үшінші орынға ие болды.
Бірінші орынды Польша құрамасы жеңіп алды. Күміс медаль Канада спортшыларына бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Польшада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алған еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Странджа» турнирі: ұлттық құраманың басты қарсыластары кімдер?
Келесі жаңалық
Астаналық кәсіпкер тартылған етке малдың тұяғын қосып сатқан