Конькимен жүгіру: қазақстандық спортшы Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
23.02.2025 19:51
578
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.
Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.
Бөлісу:
