Жаңалықтар

Комитет басшысы әуе билеттерінің бағасы қай жағдайда төмендейтінін айтты

Комитет басшысы әуе билеттерінің бағасы қай жағдайда төмендейтінін айтты
Фото: © СЦК 30.05.2023 13:02 839

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев еліміздегі ішкі және сыртқы рейстердің құны неліктен қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда айтты. Оның айтуынша, билет құны халықаралық стандарттарға сай қойылады.

Билеттің бағасы мемлекет тарапынан тіркелмейді. Баға сұраныс бойынша қойылады. Оның дүниежүзінде пайдаланылатын тәжірибесі сұраныс пен ұсыныстың орташа бағамында қойылады. Демалыс, мереке күндері билеттің бағасы көтеріледі. Аптаның ортасында, жұмыс күндері билеттің бағасы төмендейді, - деп түсіндірді Талғат Ластаев.

Ол еліміздегі ішкі рейстердегі билет құнын төмендету үшін өзара бәсекелестік жетіспейтінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға