Жаңалықтар

Көмірсутек бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы электрондық аукцион арқылы беріледі

Көмірсутек бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы электрондық аукцион арқылы беріледі
Фото: Энергетика министрлігі 11.07.2023 20:50 1188

12 шілдеде электрондық аукциондар операторының сайтында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукцион өтеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің ақпаратына сүйенсек, сағат 10:00-де басталатын аукционға www.gosreestr.kz сайты арқылы қатысуға болады.

Биыл 25 сәуірде электрондық аукционға шығарылған 26 учаскенің 9 учаскесі бойынша аукцион 12 шілдеде өткізіледі. Ал қалған 17 учаске бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Кодекс) нормаларына сәйкес қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілмейді, - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Аукционға шығарылатын 9 жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері шамамен 545,8 млн теңгені құрайды. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін 5 учаске бойынша барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптардың бағалану құны 24 млн долларды құрайды.

Аукционның барысын оператор, яғни «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ құрған жеке ашық аукцион залында кез келген адам бақылай алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға