Жаңалықтар

«Көмек беруге дайынбыз»: Тоқаев Ердоғанға қолдау білдірді

«Көмек беруге дайынбыз»: Тоқаев Ердоғанға қолдау білдірді
Фото: Ақорда 24.04.2025 16:41 160

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға Ыстамбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстамбұл шаһары аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдады.

Сан ғасырлық достық пен бауырластығымызға және елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікке сүйене отырып, біз түрік халқына әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмек беруге дайын екенімізді растаймыз, – делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға