Жаңалықтар

Колонияда жазасын өтеушілер қол күрес пен гір көтеруден бақ сынасты

Колонияда жазасын өтеушілер қол күрес пен гір көтеруден бақ сынасты
Фото: © Polisia.kz 05.01.2024 03:30 914

Семей колониясында гір көтеру мен қол күрестен сотталғандар арасында жекелей жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-сілтеме жасап.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының  АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы қызметкерлері мен сотталғандар арасында гір көтеру мен армреслинг жарысын ұйымдастырды.

Жарыс ережесіне сәйкес сотталғандар 24 келілік гір тасын көтеруден сайысқа түсті. Додаға 27 жазасын өтеуші қатысты. Әр қатысушыға 10 минут уақыт берілді. Нәтижесінде 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен А. есімді жазасын өтеуші екі қолымен 32 келі тасты 61 рет көтеріп, топ жарды. Сонымен қатар қол күрес жарысында да қатысушылар жарыс көркін қыздырды.

Оқи отырыңыз: 

Спорттық дода мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, медальдармен марапатталды.

Жарыс соңында колонияның бөлім бастығы спорттық сайысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, сотталғандардың өз қолымен жасалған бұйымы сыйға тартылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға