Жаңалықтар

Колледжде оқып жүріп, мектепке жоғарғы сыныпқа оралуға бола ма?

Колледжде оқып жүріп, мектепке жоғарғы сыныпқа оралуға бола ма?
Фото: pixabay.com 11.08.2024 23:49 3611

Мұндай жағдай кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласы білім бөлімінің мектеп секторында колледжде оқу ұнамай немесе денсаулығына байланысты оқи алмайтын жағдайда, балалар мектепке оқуға қайта оралуы мүмкін екенін атап өтті. 

Павлодар қаласының ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. 

Бұл ретте, колледждердің бірінші курстарының студенттерін Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептеріне негізсіз қайтару жағдайларының жиілеуіне және облыс бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен студенттер оқыған жұмыс оқу жоспарларының, оқу бағдарламаларының пәндері бойынша оқыту нәтижелеріндегі айырмашылықтардың сәйкессіздігіне байланысты облыс әкімі орынбасарының төрағалық етуімен білім алушыларды жалпы білім беретін мектептерге қайтарудың әрбір фактісін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырыстарында қарау туралы шешім қабылданған. 

Бала оқитын колледж жағдайды қарастыру үшін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға қажетті құжаттар қоса берілген өтінішхат жіберуі керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға