Жаңалықтар

Колледж студенттеріне онлайн оқу мүмкіндіктері беріледі

Колледж студенттеріне онлайн оқу мүмкіндіктері беріледі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 04.10.2023 11:04 2078

Мәжілісте бала құқықтары жөніндегі заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде талқылады.

Заң жобасын Оқу-ағарту министрлігі дайындады.

Жоба негізінен 3 мәселені қамтиды. Біріншіден – колледжер үшін онлайн оқу мүмкіндігін беру. Екіншіден – бұл қосымша білім беру ұйымдарын хабарлама беру рәсімі арқылы ашу және үшінші мәселе жетімдерді қолдау үшін кәсіби отбасы институтын енгізу. Жалпы біздің комитет тиісті қорытындыны әзірлеуге дайын, - деді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға