Жаңалықтар

Көлікті мас күйінде жүргізген: Павлодарда мектеп директоры қамауға алынды

Көлікті мас күйінде жүргізген: Павлодарда мектеп директоры қамауға алынды
Фото: El.kz/Арман МУХАТОВ 19.09.2023 14:05 680

Павлодар облысындағы ауылдық орта мектептің директоры автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға осы жылдың 15 қыркүйегінде болды. Әкімшілік іс қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотта қаралды.

Сот отырысында ер адам алкогольді ішпегенін түсіндіріп, өз кінәсін мойындамады. Сонымен қатар, сотта жүргізушінің дәлелдері сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, лауазымды тұлғаның түсіндірмесімен және полицейдің жетонындағы бейнежазбамен жоққа шығарылды, – делінген хабарламада.

15 тәулікке әкімшілік қамауға алудан басқа, директор жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға