Көлікті мас күйде айдайтын жүргізушілерге жаза қатаңдатылды
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев
06.12.2024 17:00
421
Елімізде жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра ішімдік ішіп, рөлге отыратын азаматтарға жаза күшейтілді, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Енді бұл ережені бұзғандар құжат алу үшін жеті жылға дейін емтиханға кіргізілмейді. Сонымен қатар жылдамдықты шамадан тыс асыратын жүргізушілерге 147 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде ережені қайта бұзған көлік иелері 221 мың теңге төлейді.
Есесіне күндізгі уақытта көліктің жарық шамын жақпаған азаматтарға жаза жеңілдеді. Яғни оларға бастапқыда тек ауызша ескерту жасалады, оны елемегендер ғана айыппұл арқалайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға