Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: ІІМ заңды өзгертпек
![Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: ІІМ заңды өзгертпек Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: ІІМ заңды өзгертпек](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141857/1200xauto_2XjBL1Fgrcn7M434JjGVfTlhzK7XnEyYGjAKe9MT.jpg)
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салатын заң нормасының өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, қазіргі жол жүрісі қағидаларына сәйкес, елді мекендерде тұрғындарға қолайсыздық келтіретін жағдайда қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған көлік құралдарының тоқтап тұруына тыйым салынады. Жол жүру ережелерінде де осыған ұқсас талап бар.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, "тоқтап тұру" дегеніміз – көлік құралының жүруін жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, жүк тиеу немесе түсіру мақсатына байланысты емес себептермен бес минуттан көп тоқтату. Егер қозғалтқышы қосулы көлік 5 минуттан артық тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырса, әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Алайда, Сәденовтің айтуынша, ішкі істер органдары бұл ереже бойынша жүргізушілерге жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді. Әкімшілік іс тек тұрғындардың шағымдары мен нақты дәлелдер болған жағдайда ғана қозғалады.
Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)