Көлік жуу маңында өрт шығып, үш газ баллоны жанып кетті
![Көлік жуу маңында өрт шығып, үш газ баллоны жанып кетті Көлік жуу маңында өрт шығып, үш газ баллоны жанып кетті](/storage/storage/element/2025/02/06/mainphoto/141390/1200xauto_0PG5pVOnCkcSZTeod6br3SO0JsUBpY2bDjfziELX.jpg)
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
06.02.2025 03:36
79
Павлодарда көлік жуу орны маңында өрт шықты. Оқиға бүгін 6 ақпан түнгі уақытта Бекмаханов көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай ондағы жылытқыш жанып, көлемі 50 литрлік үш газ баллоны лаулап жанған. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер, құтқарушылар және ТЖМ АМО бригадасы жетті.
Төтеншеліктер газ баллондарын шығарып, дер кезінде жарылыстың алдын алды. 10 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау балабақшаларында 100-ден астам заң бұзушылық анықталды