Жаңалықтар

Көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасалды

Көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: iStock 28.10.2024 16:52 169

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 28 қазанда Ақмола, Ақтөбе, Абай, Павлодар, СҚО, Қарағанды, Қостанай, ШҚО және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Ал Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін, деп мәлімдеді Қазавтожол.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға