Көлік жүргізушілерін онлайн оқыту тоқтатылады
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz
07.03.2023 12:05
955
Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті жүргізуші куәлігін беру талаптарына түзетулер енгізеді. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қоғам талқылауына ұсынылған құжат жобасында оқыту сапасын арттыру мақсатында онлайн және қашықтан оқыту нысандары жойылатыны жазылған.
Ұсынылған жаңа редакцияда әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарланатыны жазылған.
Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі қағидаларына тиісті өзгеріс енгізу ескерілген. Құжатты талқылау 24 наурызға дейін жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық полицейлер жолаушыларды мерекесімен құттықтады